Еуразия гуманитарлық институтының студенттері «Студент жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу. Деструктивті діни ағымдарды тарту әдістері» тақырыптары бойынша іс-шараға қатысты.

2021 жылдың 3 желтоқсанында Еуразия гуманитарлық институтында Алматы ауданы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А.Н. Шаримбекова, полиция майоры Б.С. Қазбеков, Діндерді зерттеу орталығының мамандары, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Т. Ж. Советов, И.Г. Бекишеваның қатысуымен «Студент жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Деструктивті діни ағымдарды тарту әдістері» тақырыптары бойынша іс-шара өтті.

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Ярослава Николаевна студенттік ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, оның ішінде студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларының қатысуымен Еуразия гуманитарлық институтының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Сөз сөйлеушілер деструктивті діндер мен жалған діни ұйымдардың таралуының алдын алу жұмыстары, экстремизм мен терроризм мәселелері бойынша мемлекеттің ақпараттық саясатының негізгі аспектілері туралы айтып берді.

Іс-шара соңында студенттер осы мәселе бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.