Еуразия гуманитарлық институтының студенттік көшбасшы жастары Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты халыққа жолдауын қолдауда

Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитеттің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінің негізгі сұрағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты жолдауы талқыланды. ЕАГИ ЖІК төрайымы Н.Тырнахан, Астана қалалық жастар мәслихатының депутаты, «Виктория-ЕАГИ» пікір-сайыс клубының экс төрағасы Жуандық М, «Қаржыгер» ғылыми үйірменің жетекшісі К.Коломоец, «Заңгер» құқықтық студенттік клиникасының жетекшісі Ж.Мұқаметжанова, «Поэзия, менімен егіз бе едің?» жас ақындар клубының жетекшісі Ж.Оразов Жолдау туралы өз пікірлерімен бөлісті. ЕАГИ-дің студенттердің көшбасшы жастары Елбасының бағыт-бағдар беретін маңызды құжатының әр бөлімін талқылып, таразыға салып, құптаушылық білдірді, жаһандану кезеңінде Мәңгілік ел болуға нық қадам жасауға, Ел бірлігін сақтауға Еуразия гуманитарлық институтының студент жастары атынан дайын екендігін білдірді.