Еуразия гуманитарлық институтының өзіндік үлгідегі дипломы

Еуразия гуманитарлық институтының өзіндік үлгідегі диплом бланкісі үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) толтырылады және мынадай элементтерден тұрады:

  • институттың атауы мен логотипі (Еуразия гуманитарлық институты);
  • түлектің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  • білім беру бағдарламасының (мамандықтың) коды және атауы;
  • берілетін бакалавр дәрежесі;
  • бакалавр дәрежесін беру туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасының күні мен нөмірі;
  • оқу нысаны (күндізгі, сырттай, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, күндізгі);
  • институт ректорының қолы;
  • реттік тіркеу нөмірі;
  • берілген күні мен орны (қаласы);
  • институттың мөрі;
  • оң жақ жоғарғы бұрышта институционалдық аккредиттеу жөніндегі аккредиттеу агенттігінің логотипі мен атауы орналастырылады;
  • сол жақ жоғарғы бұрышта алдыңғы жағында QR код – деректерді сәйкестендіру орналастырылады.