«Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері»

Сіздерді, 2020 жылғы 4 желтоқсанда сағат 10:00-де өтетін, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның мақсаты – тәжірибені жинақтау, қазіргі жағдайдағы гуманитарлық білім беруді дамыту мен трансформациялаудың перспективалық бағыттарын талқылау.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

  1. Педагогика және психология.
  2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.
  3. Қазақ және орыс филологиясы.
  4. Шетел филологиясы және аударма ісі.
  5. Құқық.
  6. Экономика және қаржы.

Конференция отырыстарының форматы: пленарлық онлайн отырыс, онлайн секциялық жұмыс.

Жұмыс регламенті

0900 – 1000 – конференцияға қатысушыларды тіркеу
1000 – 1300 – пленарлық отырыс
1300 – 1400 – түскі үзіліс
1400 – 1700 – секция жұмысы
1730 – 1800 – қорытынды пленарлық отырыс

 

ZOOM сілтемесі бойынша конференцияға қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/83942781614?pwd=RHhPcWFzZElpTW4vNVN5TUsrK2lzQT09

Конференция идентификаторы: 839 4278 1614
Қатынау коды: 162465