Хабарландыру!

Сіздерді Еуразия гуманитарлық институты 2021 жылдың 9 желтоқсанында сағат 10:00-де өтетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияның мақсаты: қазіргі жағдайда гуманитарлық білім беру тәжірибелерін қорыту, келешектегі даму бағыттары мен трансформациялануын белгілеу.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

  • Педагогика және психология.
  • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.
  • Тіл және әдебиет мәселелері.
  • Шетел филологиясы және аударма ісі.
  • Халықаралық қатынастар және аймақтану.
  • Құқық.
  • Менеджмент, экономика және қаржы.
  • Конференция отырыстарының форматы: пленарлық онлайн отырыс, онлайн дөңгелек үстел.

Жұмыс тәртiбi:

09:00 – 10:00 – конференцияға қатысушыларды тiркеу
10:00 – 13:00 – пленарлық мәжiлiс
13:00 – 14:00 – түскi үзiлiс
15:00 – 17:00 – дөңгелек үстел
17:30 – 18:00 –  қорытынды пленарлық мәжiлiс

Конференцияға келесі сілтеме арқылы қосылу Zoom:

https://us02web.zoom.us/j/82801612519?pwd=K3BaY2ZCWnRVNjRVZFYyZ29mL3lVUT09

Идентификатор: 828 0161 2519

Кіру коды: 183359