Халықаралық онлайн байқау

2021 жылдың 30 қазанында «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Абдибекова Гулим XXVI Халықаралық онлайн курстық жұмыстар конкурсына («Экономикалық ғылымдар» бағыты) қатысып, III дәрежелі дипломға ие болды. Жұмыс тақырыбы: «Қазақстанның қаржы секторын цифрлық трансформациялау»; ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Ж.Д. Дәулетханова. Ғылыми – білім беру платформасы: «Цифрлық ғылым» http://digitalnauka.ru (Саратов қ., РФ).

2021 жылдың 1 қарашасында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Дәулетханова Жанар Дәулетханқызы білім беру саласындағы XXIII халықаралық онлайн жобалар байқауына қатысып, I дәрежелі дипломға ие болды. Жұмыс тақырыбы: «Әлеуметтік инвестициялардың заманауи кәсіпорынның дамуына әсерін бағалау». Ғылыми-білім беру платформасы: «Цифрлық ғылым» http://digitalnauka.ru (Саратов қ., РФ).