«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын студенттерге түсіндіру бойынша кураторлық сағат

2021 жылдың 15 қыркүйегінде заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Мусынова Г.Е. ЮТҚ-21-01 академиялық тобында   мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»  атты Жолдауын студенттерге түсіндіру бойынша кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сабақ барысында саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау мәселесі талқыланды. Саяси жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру – мемлекетіміздің стратегиялық бағдарының басым міндетінің бірі екені атап өтілді. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап әкімшілік әділет жүйесі жұмыс істей бастағандығы, бұл институт мемлекеттік аппарат пен азаматтардың өзара қарым-қатынасын жаңадан қалыптастырғандығы сөз болды.

Кураторлық сабақ барысында ЮТҚ-21-01 тобының студенттері аса қызығушылық, белсенділік танытты.