Искақова Зере

Искақова Зере («Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы, 3-курс студенті): Мен Қазақстандағы жетекші университет әрі педагогикалық ғылым мен мəдениет орталығы болып табылатын Абай атындағы ҚазҰПУ-да бір семестр бойы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алдым. Университет қабырғасында көптеген іс-шаралар өткізілді. Мен ағылшын тілінде өткен дебатқа қатысып, шетел тілінен білімімді жақсарттым. Сонымен қатар қытай тілі бойынша өткізілген іс-шарада жүргізуші болып өз үлесімді қостым. Бір сөзбен айтқанда, бойымдағы шығармашылық қабілеттерім шыңдалып, білім деңгейім де жоғарылады. Мен үшін академиялық ұтқырлық бойынша білім алу – өмірімді қызықты сәттерге толтыру жəне мол тəжірбие жинақтау.