Jas Otan Коворкингі

2021 жылғы 25 ақпанда Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Айнұр Шакенова «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Астаналық филиалы «Astana-adaldyq alany» жобалық офисімен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен бірлесіп өткізген кеңеске қатысты.

Жоғары оқу орындары мен колледждердің ЖІК басшыларымен ашық кездесу жоғары оқу орындары мен колледждердегі сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жастармен алдын алу жұмыстарын өткізу патриоттық рухты және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаменті төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Мақсұтұлы Ниязов қатысты.