«Күйзеліссіз емтихандар» кураторлық сағаты

2022 жылғы 23 қарашада қысқы емтихан сессиясы қарсаңында ПДТ-21-01 академиялық тобында «Күйзеліссіз емтихандар» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Топтың кураторы, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Н.В. Никульшина презентация негізінде студенттерге күйзелістің не екенін, оның белгілері туралы және күйзелістен қалай аулақ болу керектігін айтты. Топ студенттері осы мәселені талқылауға белсенді қатысты.