Күн тәртібінде – старостат

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде институт деканы Т.Н. Кемайкина, деканның орынбасары С.Д. Кохович, тіркеу бөлімінің бастығы Қ.Т. Байжұманова, біздің Еуразия гуманитарлық институтының 1-4 курс старосталарының қатысуымен старостат отырысы өтті. Академиялық топтардың студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары талқылаған мәселелердің ішінде: старостаның құқықтары мен міндеттері, студенттік ұжымды біріктіру жөніндегі жұмыстың тәсілдері мен нысандары, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері, институт қабырғасында қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және т. б. мәселелер болды.

Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды.