Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) кәсіби және жалпы мәдени құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған мамандарды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Кафедраның СҒЗЖ кафедра мен институттың ҒЗЖ жоспарларына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Жыл сайынғы республикалық СҒЗЖ конкурсының II турына қатысу2020 жылы «Әлеуметтік жобалардың тиімділігін дамытудағы impact-инвестициялау процесін жетілдіру»  тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы үшін 4-курс студенті А.Е. Ақпаев ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, Алматы қ. Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы (ҚазЕӘҚА), жетекшісі: аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі Ж.Д. Дәулетханова.

    2018 жылы І дәрежелі дипломмен 2-курс студенттері – Ақпаев Армансеит, Нұрмағанбетова Зарина марапатталды, «Мемлекеттік инвестициялық жобаларды қаржылық-экономикалық бағалау» тақырыбына ғылыми жетекшілік еткен: т.ғ.к., доцент Г.Д. Тажбенова, «AirportManagementGroup» ЖШС департаментінің директоры А.М. Кудабеков.

  2. Жыл сайынғы «Ғылым және жаңа ұрпақ2020» атты студенттік ғылыми конференцияға қатысу.Конференция жеңімпаздары дипломдармен марапатталды:

    1-орын – А.Р. Сейдихан (ғылыми жетекші – доцент Б.Б.Мажитова)

    2-орын – Д.Жалмышева (ғылыми жетекші – магистр, аға оқытушы Ж.Д. Дәулетханова)

    2-орын – Н.Арыстанов (ғылыми жетекші – магистр, аға оқытушы А.Ж. Тажигулова)

    3-орын – Н.Штеккер  (ғылыми жетекші – доцент Б.Б. Мажитова)

    3-орын – А.Ералиева (ғылыми жетекші –т.ғ.к., доцент Г.Д. Тажбенова)

    3-орын – А. Токова (ғылыми жетекші –э.ғ.к., профессор М.Ы. Жүкібай)

  3. Студенттердің мамандықтары бойынша Республикалық студенттік олимпиадаға қатысуы.2019-2020 ж.ж.

    – Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-нде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай  «Мен – көшбасшымын!» республикалық интеллектуалдық ойынына қатысқаны үшін А.А. Тукенова, Н.А. Штеккер, А.Г. Токова, А.К. Акенева, А.Р. Сейдіхан ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ғылыми жетекшілері: аға оқытушылар, экономика ғылымдарының магистрлері Ж.Д. Дәулетханова, Б.Б. Мажитова.

    – 2,3-курс студенттері К.Евтухова, В.А. Малышкина, А.А. Ералиева «Қаржы» мамандығы бойынша «ҚР Банк секторындағы қаржы мониторингін жаңғырту» тақырыбында өткен ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін алғыс хат алды, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде, ғылыми жетекші: аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі Б.Б. Мажитова.

  4. Кафедра жанындағы ғылыми бірлестіктегі студенттердің жұмысы.Кафедра жанындағы студенттердің ғылыми бірлестігі «Қаржыгер» студенттік ғылыми клубы болып табылады. Клуб жұмысына қатысу студенттердің шығармашылық белсенділігі мен креативті ойлауын, кәсіпкерлік саласындағы практикалық дағдыларды дамытуға, қаржы, бизнес және экономика саласындағы ең дарынды студенттерді анықтауға және қолдауға ықпал етеді. Ғылыми қызметте өз қабілеттерін көрсеткен студенттер ғылыми конкурстарға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысады.

    2019-2020 оқу жылында:

    • Қазан – Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында туғанына 110 жыл толуына орай «Академик С. Бәйішевтің ғылыми және қоғамдық қызметі туралы» дөңгелек үстел
    • қараша – «WallStreetinvestPartners» консалтингтік компаниясының аға қаржы менеджері Т.Е. Қабышевтің Қазақстан экономикасының әлемдік экономикамен байланысы туралы «Әлемдік экономиканың рецессиясы» тақырыбындағы қонақ дәрісі.
    • Қаңтар – әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын және ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында «Ұлы халықтың ұлы Абай» тақырыбында дөңгелек үстел.

    2018-2019 оқу жылында келесі іс-шаралар өткізілді:

    • Қараша – «Теңге – ұлттық валютаның 25 жылдығына» арналған дөңгелек үстел
    • ақпан – AstanaHub технопаркі базасында “StartupWeekend” стартап жобаларын әзірлеуге қатысу
    • мамыр – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдерінің «Монополияға қарсы шаралар және талдау адал бәсекелестікті дамытудың монополистік қызметінің жолын кесу тетігі ретінде» тақырыбындағы қонақ дәрісі.
  5. Студенттердің халықаралық, республикалық, ЖОО аралық және ЖОО ішіндегі конкурстарға, студенттік конференцияларға, дөңгелек үстелдерге және т. б. қатысуы.

2020 жылы:

  • Нұр-Сұлтан қ. «ЕАЭО елдеріндегі салық салудың заманауи мәселелері» тақырыбындағы «Үздік реферат – 2020» Республикалық конкурсына қатысқаны үшін 3-курс студенті А.К. Акенева ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Ж.Д. Дәулетханова.
  • «Ақша және ақша айналымы» және «Кәсіпкерлік негіздері» экономикалық бағыттары бойынша «Солнечный свет» (РФ, Красноярск қ.) халықаралық интернет-олимпиадасына қатысқаны үшін 3-курс студенттері Д.М. Жалмышева мен А.Р. Сейдихан І дәрежелі дипломмен марапатталды, ғылыми жетекші: магистр, аға оқытушы Ж. Д. Дәулетханова.
  • Февзи Якубов атындағы Қырым инженерлік-педагогикалық университетінде «Аудит және қаржылық талдау» (online режимде) бойынша халықаралық олимпиадаға қатысқаны үшін Н.Б. Қаиырбек сертификатпен марапатталды, Қырым Республикасы, Симферополь қ., ғылыми жетекші: магистр, аға оқытушы Ж.Д. Дәулетханова.

 2019 жылы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында өткен «Үздік реферат – 2020» Республикалық байқауына «Қазақстанның цифрлық экономикасы жаңғырту жағдайындағы экономикалық дамудың негізгі факторы ретінде» тақырыбы бойынша қатысқаны үшін 2-курс студенті А.К. Акенева, А.Р. Сейдихан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, ғылыми жетекші: магистр, аға оқытушы Ж.Д.   Дәулетханова.
  • Фк-17-01 тобының студенттері Д.М. Жалмышева, А.Е. Көпжасар «Туған өлке-жас ұрпақтың барлық бастамаларының негізі» атты жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың мерейтойлық республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты (Рудный қ. Рудный индустриалдық институты). Баяндама тақырыбы: «Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын басқарудағы цифрландыру мүмкіндіктері», ғылыми жетекші: аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі Ж.Д.   Дәулетханова.
  • ФК-16-01 тобының студенттері Н.Д. Сүлейменова, Б.К. Сейдахмет «Халықаралық аудит және есеп стандарттарын енгізу мәселелері, оларды ТМД елдерінде қолдану тәжірибесі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты               (Л.Н. Гумилев аатындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан). Баяндама тақырыбы: «Жасыл экономика Қазақстан экономикасының тұрақты дамуының элементі ретінде», ғылыми жетекші: аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі                                      Ж.Д. Дәулетханова.

 2018 жылы:

  • 3-курс студенті А. Нұртаза «Жаһандық трансформация жағдайындағы Қазақстанның жаңғыруы» (Астана қ., «Қаржы академиясы» АҚ) атты студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы» атты IV Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды, ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Г.Д. Тәжбенова.
  • 2-курс студенттері Д. Жалмышева, Н. Қайырбек «4-ші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (Қазутбг.Астана қ. ҚазТБУ), тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні», ғылыми жетекші: аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі А.Ж. Тажигулова.