«Кім миллионер болғысы келеді?» сыбайлас жемқорлыққа қарсы зияткерлік ойын

2022 жылғы 27 қазанда заң пәндері кафедрасында «Кім миллионер болғысы келеді?» атты зияткерлік ойыны өтті. Оны заң ғылымдарының магистрі, кафедраның аға оқытушысы А.Э. Тортаева, ЖІК төрағасысы А.К. Әбілдина және студенттік өзін-өзі басқару көшбасшысы Г.Ф. Салимжуаров ұйымдастырды және өткізді. Ойынға «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері қатысты (ЮР-22-01 және ЮҚ-22-01 академиялық топтарының командалары).

Ойынға қатысушылар жүргізушілердің сұрақтарына жауап бере отырып, өздерінің шешендік дағдылары мен интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті. Ойын көптеген жағымды эмоциялар әкелді, сонымен қатар студенттерге алған білімдерін нығайтуға және жаңаларын алуға мүмкіндік берді.