Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нде жетім балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасауға мамандарды даярлау бойынша сұрақтар талқыланды.

2016 жылдың 12 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нде «Жетім балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасауға мамандарды даярлау: дәстүрлер және инновациялар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына Еуразия гуманитарлық институтының тәрбие ісі жөніндегі проректоры, п.ғ.к. доцент Оспанова Я.Н. және педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к. Кемайкина Т.Н. қатысты.

Дөңгелек үстел аясында келесі сұрақтар талқыланды:

  • жетім балалармен жұмыс жасауға болашақ мамандарды даярлауда инновациялық технологияларды қолдану;
  • ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балалардың мәселелерін әлеуметтендіру;
  • «Болашақ мамандарды  жетім балалармен жұмысқа кәсіптік дайындау» тұжырымдамасының презентациясы.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қарар қабылданды және қатысушыларға сертификаттар табысталды.