«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

ХVІІ Қазақстан халқы тілдері фестивалінің аясында өтіп жатқан институтымыздағы тіл апталығының жоспары бойынша 23 қыркүйек күні ф.ғ.к., доцент Ж.Қ. Ахметова мен аға оқытушы А.Е. Алимбаевтың ұйымдастыруымен «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына арналған) атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Жыр додасына «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері: Қосылбекова Ақмарал, Жарылғасынова Сандуғаш, Абдикадирова Динара, Дәуіт Айым, Дәулетхан Құралай, Нұрбаева Ләйлә, Оразов Жомарт қатысты. Жас ақындардың Ұлы ақын Абай Құанбайұлына арнау өлеңдері мен еркін тақырыптағы туындылары қазылар алқасы мен көрермен көңілінен шықты. Сайысқа төрелік жасаған аға оқытушы А.Т. Сандыбаева, кафедраның тәрбие жұмысына жауапты, аға оқытушы Е.Ж. Жұпархан және ІV курс студенті айтыскер ақын Ержан Таңжарық. Қазылар алқасының төрағасы А.Т. Сандыбаева өз сөзінде Абайға арнау жазу үшін оның шығармашылығымен толық таныс болып, оны терең түсіне білген жағдайда ғана жазылады деп атап өтті. Мүшәйра қорытындысы бойынша, бас жүлдені Оразов Жомарт, І орынды Қосылбекова Ақмарал, ІІ орынды Дәулетхан Құралай, ІІІ орынды Дәуіт Айым мен Жарылғасынова Сандуғаш иеленді. Ақындарға қаламдарыңыз ұштала берсін, жазарларыңыз таусылмасын дегіміз келеді.