Әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор

Проректор-по-социально-экономическим-вопросам

Оспанов Сұлтанбек Сағымбайұлы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ білім академиясының мүше – корреспонденті.

1995 ж. дейін Ақмола университетінде факультет деканы, проректор қызметтерін атқарды. «АККУ» жекеменшік тәуелсіз институты ректоры (1995-1998 жж.); Еуразия гуманитарлық институты ректоры (1999-2001 жж.).

2002 ж. ақпаннан бастап институттың әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.

Институттағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулерді материалдық жағынан қамтамасыз етумен айналысады. Институттың қаржылық-шаруашылық жұмыстарына, күрделі құрылыс жөніндегі шаралардың орындалуына, нысандардың уақытында пайдалануға берілуіне, сондай-ақ негізгі қорға басшылық жасайды.

Өзінің ғылыми-педагогикалық қызметінде оқу үдерісінің тәрбиелік қырларына, студенттердің бойында отансүйгіштік сезімді, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға көңіл бөледі.

40-тан астам ғылыми жарияланымдары мен әдістемелік ұсынымдары бар.

ҚР БҒМ-ның «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен, ҚР ЖОО-лары қауымдастығының А. Байтұрсынов алтын медалімен және орденімен марапатталды.