Ұлттық валюта күні туралы

2020 жылдың 12 қарашасында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы Ұлттық валюта – теңге күніне арналған «Жаңа шынайылық жағдайында Қазақстанның қаржы-несие жүйесін жаңғырту» атты онлайн дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел модераторы – магистр, аға оқытушы Ж.Д. Дәулетханова.

Институт деканы п.ғ.к., доцент Т.Н. Кемайкина, сондай-ақ экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі                     т.ғ.к., доцент Г.Д. Тажбенова құттықтау сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысына кафедраның келесі жұмыс берушілері- серіктестері: «Банк Центр Кредит» АҚ бөлімшесінің директоры Балгуль Куанышевна Калдыбаева, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының бизнесті дамыту басқармасының бастығы Надежда Юрьевна Шейрер, сондай-ақ жоғарыда аталған басқарманың бас маманы Асқар Рахимбаев қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның қаржы жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Студенттер мен оқытушылар жұмыс берушілерге сұрақтар қойып, тығыз ынтымақтастық үшін онлайн-сұхбатты белсенді қолдануға ұсыныс білдірді.

Іс-шара соңында студенттер үшін Ф-17-01 тобының студенті Сейдихан Альмира дайындаған «Барлығы қаржы әлемі туралы» онлайн блиц ойыны ұйымдастырылды. Студенттер ойынға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді және қаржы теориясындағы жоғары білім деңгейін көрсетті.