М. Әуезов әлемі

Еуразия гуманитарлық институтының қазақ және орыс филологиясы кафедрасы мен институт кітапханасы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығымен бірлесіп ЕАГИ-де Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына орай «М.Әуезов әлемі» тақырыбында жылжымалы көрме өткізді. Іс-шараның өтуіне қолдау білдірген институт, музей-қорық басшылығына және аға ғылыми қызметкер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Гүлзат Сәлемқызына алғыс айтамыз.