«Мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі» тақырыбындағы кураторлық тәрбие сағаты

2020 жылғы 14 қарашада куратор И.А. Тобагабылова ДОВк-18-01 және ПМНОк-18-01 топ студенттерімен Тұңғыш Президент күніне арналған «Мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі» тақырыбында кураторлық тәрбие сағатын өткізді.

Кураторлық тәрбие сағаты барысында «Путь к процветанию», «Елдіктің бастауы» атты деректі фильмдер көрсетіліп, талқыланды. Талқылау кезінде студенттер фильмдерден алған әсерлері жайлы өз пікірлерімен бөлісті.