Назарбаев Университетінің тәжірибесін тарату

Ағымдағы жылдың 26 және 27 қыркүйегінде ЕАГИ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер Турманова Ж.Е., Кударова Н.А., Тобагабылова Р.А., Крушинская Е.В., Алипбекова Л.У., Давлетова С.Е. Назарбаев Университеті базасында «Академиялық бағдарламаларды әзірлеу. Кейбір аспектілер» тақырыбында өткен семинар жұмысына қатысты

Назарбаев Университетінің спикерлері: институционалдық тиімділік жөніндегі бас директор Дункан Пристли, институционалдық тиімділік жөніндегі бас менеджер Айжан Мусина, академиялық сапаны арттыру жөніндегі үйлестіруші Әлия Сүлейменова, аккредиттеу жөніндегі менеджер Эльмира Табылдиева автономия жағдайында бағдарламаларды жобалау қағидаттарымен, бенчмаркингтің негізгі стандарттарын қолданумен, сондай-ақ білім беру бағдарламасын немесе пәндерді оқытудың мақсаттары мен нәтижелерін әзірлеудегі халықаралық практикамен таныстырды.

Фокус-топтардың жұмысында білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәжірибе алмасу өтті, оның барысында «төңкерілген» оқыту (flipped learning) элементтері пайдаланылды. Топтардағы жұмыс интерактивті түрде өтті.