Өндірістік практика бойынша нұсқаулық конференция

2021 жылдың 22 желтоқсанында Юқ-18-01, Юқ-18-02, ЮТқ-19-01 академиялық топтарында «Құқықтан» білім беру бағдарламасы студенттерінің өндірістік практикасы бойынша нұсқаулық конференция өтті. Өндірістік практика теориялық және практикалық білімді кеңейтуге және бекітуге бағытталған.

Конференцияға кәсіби тәжірибе және мансап бойынша үйлестіруші -Оспанова Айман Тлеубаевна, заң пәндері кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., профессор – Идрисов Қабдеш Зулович, заң пәндері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары – Қалдыбаев Қайырбек Серікбайұлы қатысты.