Олжас Сүлейменовтың қатысуымен қонақ дәрісі

Қоғам қайраткері, кәсіпкер, «Дарын» сыйлығының лауреаты

2022 жылдың 15 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтының 1-2 курс студенттері үшін қоғам қайраткері, кәсіпкер, «Дарын» сыйлығының лауреаты, GPS&Smart Construction компаниясының негізін қалаушы Олжас Сүлейменовтың қатысуымен қонақ дәрісі ұйымдастырылды.

Дәріс басында Еуразия гуманитарлық институтының тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы А. Тастемір құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында студенттердің кәсіпкерлік ойлау дағдыларын дамыту, белсенді өмірлік ұстаным, өз таңдауы үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды. Спикер О. Сүлейменов өз баяндамасында қазақстандықтардың жаңа буынына ерекше назар аударды. Өзінің үлгісімен ол серпінді, білімқұмар, бастамашыл және креативті адам болудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті, барлық жастарға алдағы өмірде табысқа жету үшін пайдалы кеңестер берді.

Олжас Сүлейменов сапалы білім алуға ерекше назар аударды. Бизнесмен студенттерді жігерлендіре отырып, оларға өз Отанының жоғары білімді патриоттық азаматтары болып қалуға ұмтылуды тіледі.

Кездесу жағымды және достық атмосферада өтті және қонақтың кездесуге қатысушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауаптарымен аяқталды.