Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің конференциясы

2021 жылдың 17-18 маусым аралығында оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Ахметов, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Я.Н. Оспанова, академиялық мәселелер және аккредиттеу департаментінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор С.Б. Загатова, институт деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Н. Кемайкина, білім беру үдерісі сапасының мониторингі бөлімінің бастығы Б.Т. Байльденов, академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестіруші, филология ғылымдарының магистрі А.Т. Сандыбаева, «Орталық Азия жоғары білім беру кеңістігі: өңірлік ынтымақтастық, ұлттық реформалар» атты Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің конференциясына қатысты. Пленарлық отырыс және конференцияның тақырыптық секциялары барысында университеттердің халықаралық өзара іс-қимылы, Болон процесінің параметрлерін іске асыру, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету, тәрбие жұмысы, еуропалық білім кәсіподақтары комитетінің қызметі, мемлекеттік университеттерді дамытудың мәселелері мен басымдықтары, негізгі трендтер талқыланды. Сондай-ақ жұмыс сессиясында Түркістан декларациясының соңғы нұсқасы талқыланып, бекітілді. Конференция соңында Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының Альянсын құру туралы, білім беру сапасын қамтамасыз етудің Орталық Азия желісін құру туралы, Студенттік бастамаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар қабылданды.