«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы факультативті сабақ

2021 жылдың 5 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Факультативтік сабаққа ДОВК-18-01, ПМНОК-18-01 топтарының студенттері және педагогика кафедрасының аға оқытушысы И.А.Тобагабылова қатысты. Сабақ білікті психолог, әлеуметтік педагогтармен ұйымдастырылып, отбасы мен неке институтының құндылықтарын насихаттау және ажырасулардың алдын алуына бағытталды.