«Парасатты қоғам» бейнероликтер байқауы

2020 жылдың 25 желтоқсанында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаменті – қоғамда сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мәдениет  қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған «Парасатты қоғам» бейнероликтер байқауында Еуразия гуманитарлық институтының «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мухамедьянова Асемай Кайратқызы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл негізі ретінде парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту» атты бейнероликпен қатысып, 2 орын  жүлдегері болды.

Белсене қатысқаны үшін 5В030100 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері – Шуханов Р.С., Калкенова А.У., Бегімтаева А.Қ. Алғыс хатпен марапатталды.

Ғылыми жетекшсі: заң пәндер кафедрасының аға оқытушы, з.ғ.м. Канафина Г.А.