«Педагог көшбасшылығы» онлайн-семинары

2020 жылдың 27 қарашасында педагогика кафедрасының оқытушылары ҚР ПІБ МО «Қарлығаш балабақшасы» – «Педагог көшбасшылығы»  республикалық онлайн-семинарына қатысты. Шақырылған спикер ретінде пс.ғ.д., профессор А.К. Изакова «Мектепке дейінгі білім беру педагогының құзыреттілігі» тақырыбында баяндама жасады. Онлайн-семинарға қатысу кафедраның ПОҚ-қа жұмыс тәжірибесімен және педагогикалық идеялармен алмасуға мүмкіндік берді. Онлайн-семинар жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті.