Поэзия әлемінде

Институтымызда «қазақ және орыс филологиясы» кафедрасының орыс тілі оқытушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында  «Есіңе мені алғайсың» әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісімен көріністер көрсетіп, ақын шығармасының идеясын жеткізе білді. Сондай-ақ, М.Мақатаевтың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде жатқа оқып, ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындады.