ППк-17-01 тобының студенттері «Алтынай» балабақшасында волонтерлік қызмет атқаруда

Студенттерді әлеуметтік және қоғамдық пайдалы қызметке кеңінен тартуға бағытталған Мемлекет басшымыздың саясатын қолдау барысында педагогика кафедрасының студенттері де өз үлестерін тигізуде.

Осы мақсатта ППк-17-01 тобының студенттері Қабыл Айгерім, Доскенова Алтынай, Байтүгел Аяулым Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұялы Құрылыс» ЖШС жанынан құрылған «Алтынай» балабақшасында волонтерлік қызмет атқарып жатыр. Олар зияткерлік-рухани әлеуеттерін пайдалана отырып, балаға білім беру мен тәрбие үрдісіне белсене ат салысып жүргендерін мақтан ететіндерін жеткізді.