ЕАГИ студенттері «көшбасшылық мектебі» семинар – тренингінің жұмысына қатысты

Сәуірдің 12-13 күндері аралығында ЕАГИ студенттері Ұлт Көшбасшысының Кітапханасында «Көшбасшылық мектебі» семинар-тренингіне қатысты. «Көшбасшылық мектебі» өз жұмысын 2013 жылдан бастады. Осы кезеңде 200-ден астам студент оқытылды.

Семинарға қатысушылар 2 кун бойы жетекшілік ету дағдыларын, өз бизнесін ұйымдастырудың негіздерін, жоба менеджментінің негіздерін үйренді, өздік жұмыстарын орындап, талқылау алаңында сөз сөйледі және Қазақстан Республикасының 25-жылдығына видеоролик дайындады.

Қорытынды жасау күнінде, семинардың аяқталу кезеңінде, жас белсенділерге мемлекет Басшысының данышпандық саясаты мен ғаламдық бастамасына арналған «Қазақстанның арманы: тәуелсіздік тарихы» фильмін көрсетті.