ҚР Ұлттық Банкінің Орталық филиалында «Ашық есік күні»

2023 жылғы 10 наурызда «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттері және экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының оқытушылары: доцент Б.Б. Мажитова, аға оқытушы Ж.Д. Дәулетханова Астана қаласындағы ҚР Ұлттық Банкінің Орталық филиалында өткен Ашық есік күніне қатысты.

Бұл іс-шара ұлттық валюта – теңге банкноттарындағы негізгі қорғаныс элементтері туралы халықтың хабардарлығын арттыру және жалған ақша жасаушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.