ҚР Парламенті Сенатының депутатымен кездесу

2021 жылғы 13 қазанда Еуразия гуманитарлық институтына Қазақстан Республикасындағы заң бойынша білім беру сапасымен танысу және зерделеу үшін конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Қ. Бекназаров келді. ЕАГИ ректоры академик А.Қ. Құсайынов және ЖОО профессорлар-оқытушылар құрамымен кездесу барысында заң білімінің өзекті мәселелері, оның ішінде «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттерін практикаға бағыттап, даярлау мәселелері талқыланды.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Қ. Бекназаров оқу жағдайымен, «Құқық» оқу бағдарламасы бойынша мамандандырылған зертханалар және кабинеттердің жабдықталуымен танысты. Кездесуге сондай-ақ Н.Н. Турецкий, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі және бөлімнің бас мамандары Д.Қ.Жүсіпов пен Н.К. Кенжебаев қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар заң білімінің сапасын жақсарту бойынша одан әрі жұмыс барысында ескерілетіні атап өтілді.