ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

2021 жылдың 2-8 қыркүйек аралығында педагогика кафедрасының кураторлары 1-4 курс студенттерімен мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған онлайн кураторлық сағаттар өткізді.

Студенттер Жолдауда көрсетілген Қазақстан үшін жаһандық және ішкі қауіптер мен сын-қатерлердің әсерінен пайда болған терең әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және саяси жағдайларға берілген талдауларға, проблемаларды шешудің жолдары мен нақты шаралары және механизмдеріне көңіл аударды.