Референдумға дайындық

2022 жылдың 18 мамырында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Б.Ш. Кадрина, Г.К. Темиргалиева және оқытушы А.А. Гыля кафедра студенттерімен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдумға арналған әңгіме өткізді. Оқытушылар түзетулердің әр блогының мазмұны мен маңызын түсіндіріп, ҚР Конституциясының тарихы мен референдумдардың әлемдік тәжірибесі туралы айтып берді. Студенттер жаңа мемлекеттік реформаларға қызығушылық танытып, референдумға қатысуға ниет білдірді.