Ректорға сұрақ

Амангелді Құсайынұлы, сәлем! Мен «Аударма ісі» мамандығының 2-курс студентімін, академиялық ұтқырлыққа қатысты сұрағым бар еді, толық ақпаратты қайдан білуге болады?

– Сымбат, сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу талаптары туралы ЖОО-ның www.egi.kz веб-сайтында http://egi.kz/ru/sotrudnichestvo/akademicheskaya-mobilnost/akademicheskaya -mobilnost-obuchayushhihsya-v-eagi/ сілтемесі бойынша танысуға болады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін сіз өтініш жазып, жалпы іріктеу конкурсына қатысуыңыз керек. Қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі институттың www.egi.kz сайтында және @eagi_life инстаграмдағы ресми парақшасында, сондай-ақ Институттың Тілдесу қабырғасында жарияланады. Осы жылы қатысуға арналған GPA жоғарылады: ішкі ұтқырлық үшін – 3,0, сыртқы ұтқырлық үшін – 3,5 және одан жоғары. Толық ақпаратты академиялық ұтқырлық және халықаралық  байланыс жөніндегі үйлестіруші Сандыбаева Айгүл Талғатқызынан алуға болады (байланыс телефоны 8 (707) 820 46 56, akaleka@mail.ru электронды поштасы).