Ректорға сұрақ

Қайырлы күн, Амангелді Құсайынұлы! Менің атым Динара. Мен «Шабыт» университетінің өнер колледжінің түлегімін. Қазір ЕАГИ-дің 1 курс студентімін. Скрипка мен домбырада ойнаймын және музыка үйірмесінде шұғылданғым келеді. Оған мүмкіндік бар ма?

– Динара, сәлеметсіз бе! Біздің институтта «Күмбірле» домбырашылар ансамблі бар. Сіз ансамбль жетекшісі, ИАК-18-02 тобының студенті Мырзахмет Айгеріммен жолығып (телефон +7 (747) 676-29-12) жазыла аласыз.