Ректорға сұрақ

Сұрақ: Сәлеметсіз бе, менің атым Айсұлу. Мен 1-курс студентімін. Дене шынықтырудан сынақты қалай тапсырамыз?

Жауап: Сәлеметсіз бе, Айсұлу. «Дене шынықтыру» пәнінде қорытынды баға «дифференциаланған баға», яғни 11 мамырдан бастап рейтингтік аптада қойылады. Сынақ ағымдағы бағаларға, межелік бақылауға, содан кейін 1-рейтингтің және 2-рейтингтің нәтижелеріне сәйкес қойылады. Бағаларды қою тәртібі, қосымша тапсырмалар беру мүмкіндігі және бағалармен танысу осы пәннің оқытушысымен қолданыстағы кестеге сәйкес 11 мамырдан 15 мамырға дейін дене шынықтыру бойынша оффлайн сабақтарда өткізілетін болады. Дүйсенбі күні, 11 мамырда старосталарға оқытушының телефон нөмірі жарияланады, қажет болған жағдайда онымен байланысуға болады.