Ректорға сұрақ

Сұрақ: Сәлеметсіз бе. Мен 4-курстың старостасымын. Плагиатқа тексеруден қалай өтеміз?

Жауап: Сәлеметсіз бе. 4 мамырда сағат 15.00-де бітіруші курс студенттері үшін Plagiat.pl компаниясы ұйымдастырған «Оқу жұмыстарын бағалау әдістемесі» тақырыбы бойынша Strikeplagiarism.com жүйесінде дипломдық жұмыстардағы көшіруді тексеру мүмкіндіктері туралы бейнеконференция ұйымдастырылады. Осы бейнеконференцияда олар сіздерге Plagiat.pl жүйесінде дипломдық жұмысты  плагиатқа тексеруден өткізу ерекшеліктерін түсіндіреді және дереккөздермен қалай тиімді жұмыс істеуді үйретеді. Сондай-ақ барлық туындаған сұрақтар бойынша «Plagiat.pl» жүйесінің әкімшісі Г.Ж. Рахимжановаға 8701 776 3102 телю бойынша хабарласа аласыздар.