Ректорға сұрақ

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Менің есімім Оксана Ивановна. Осы жылы жоғары оқуға түскім келеді. 2013 жылы Астананың гуманитарлық колледжін бітірдім. Қазір педагог болып жұмыс істеймін. Сіздерде мектепке дейінгі білім беру факультеті бар ма? Егер болса, барысы мен оқу ақысын айтсаңыз!

Жауап: Құрметті Оксана Ивановна!

Біздің институтымызда 5В010200 – Педагогика и мектепке дейінгі оқытудың әдістемесі» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындайды.

Білім берудің техникалық және кәсіби ұйымдарының бітірушілеріне жоғары оқу орнына түсу үшін, кешенді тест тапсыру керек және ақылы оқу түріне өтуге 50 балл жинау керек. Оның ішінде, негізгі пән бойынша – 7 балл, ал қалған пәндер бойынша – 4 балдан кем жинамау керек.

Жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын, білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес, оқуға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар азаматтардың өз қаражаттары мен басқа қаржы көздері арқылы жүзеге асырылады.

Жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде келесі оқу жылына, жоғары білімі бар мамандарды дайындауға, оқу жылына 1 студенттің оқуына шығын анықталатын, мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітіледі. Қаулы шыққан соң, 2016-2017 оқу жылына бакалавриат мамандықтары студенттерінің оқу ақысы бекітіледі. Барлық сұрақтар бойынша (кешенді тест тапсыруға қатысу үшін өтінішті қабылдау, кешенді тесті тапсыру мерзімі, білім беру гранты үшін конкурсқа қатысу, 2016-2017 оқу жылы бойынша оқу ақысы) институттың қабылдау комиссиясына мына телефон нөміріне хабарласу керек: +7 (7172) 56-22-00.