Республикалық онлайн-олимпиада туралы

2020 жылдың желтоқсанында 5В030100 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған Республикалық онлайн-олимпиадаға қатысты. Аталған олимпиаданы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп өткізді.

Олимпиаданың екі турының қорытындысы бойынша 5В030100-«Құқықтану» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенті Бегімтаева Анар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негізі ретінде парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту» тақырыбына бейнеролик дайындағаны үшін «Бірегейлік» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды. Жетекшісі: заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Г.А. Канафина.

Марапатпен құттықтаймыз және табыс тілейміз!!!