Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер!

Кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазіргі уақытта Сіздердің жұмыстарыңыздың маңыздылығы мен жауапкершілігі ерекше сезіледі. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз еліміздің дамуы мен өркендеуі үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады және Қазақстанның зияткерлік әлеуетін қалыптастыру үшін негіз қалайды.

Жоғары білім беру қызметкерлері білім мен өзін-өзі дамытуға деген қызығушылықты оятады, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына, жобалық жұмыстарға тартады, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге шабыттандырады, өз бетінше ойлауға, шешім қабылдауға және олар үшін жауап беруге үйретеді. Сіздер тек академиялық білімді ғана емес, сонымен қатар маңызды рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырасыздар.

Жоғары кәсіби шеберліктеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз бен мақсаттылықтарыңыз, шыдамдылықтарыңыз, жаңа білім беру технологияларын үнемі игере отырып, оқытуға ғана емес, үйренуге де дайын екендіктеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Шын жүректен денсаулық пен амандық, даналық пен шыдамдылық, оптимизм мен сарқылмас шығармашылық қуат, жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

Ректорат