Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!

Біз, қазақстандықтар, өзіміздің шынайы және мәңгілік құндылықтарымыз – бір-бірімізге деген құрметпен, мейірімділікпен, отансүйгіштікпен және жомарттықпен мақтанамыз! Бәріміз бірге бір шаңырақ астында күн сайын ортақ үйіміздің дамуы мен гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз.

Сіздерді көктем мерекесі – 1 Мамыр, Қазақстан халқының бірлігі күнімен – достық, бірлік және жасампаздық символымен шын жүректен құттықтаймыз!

Осы мамыр күні Сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбітшілік және өркендеуді тілейміз!

Ректорат