Құрметті қызметкерлер, оқытушылар және студенттер!

Табиғат-Ана жаңаратын, тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңғыратын, жер-дүние бусанып, күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Еліміз бұл кезеңді береке-бірлік, ырыс-құт мезгілі санап, кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесіне балаған.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы елімізге, әрбір отбасына амандық пен құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ректорат