Сенің жұлдызды сәтің

Музыкалық аспаптарда ойнап, мың бұрала (ұлттық, заманауи) билеп, мерекелік кештерде жүргізуші болып, пікір-сайысқа қатысып, әуелете ән шырқап, көркемсөз оқу (поэзия) т.б. өнер көрсетіп, белсенділік таныта аласың ба?

Ендеше студенттік шағың қызыққа толы болсын десең, 2020 жылдың 18 қыркүйегінде сағат  16.00-ге дейін бейне жазбаңды (толық аты-жөні; мамандық, оқу тобы, байланыс номері көрсетілсін)  8 775 218 43 18 номеріне немесе nurgulya_tj@mail.ru электронды мекенжайына жібер.

“СЕНІҢ ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІҢ” атты бейне жазбаға шақырамыз.

Бейне жазба түсір! Таңғалдыр! Көшбасшы бол!

Жастар ісі жөніндегі комитет