Шетел тілдері кафедрасында Алғыс айту күні

2021 жылдың 22 қарашасында п.ғ.м., шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сарсенова «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне (ИЯк-18-02 академиялық тобы) оқытылатын тіл елдерінің ұлттық дәстүрлерін зерттеуге арналған тақырыптық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер Алғыс айту күні мерекесінің дәстүрлерімен және тарихымен танысты. Сабақ интерактивті түрде өтті, барлық студенттер оған белсенді қатысты.