Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары ашық сабақтар өткізеді

2021 жылдың 20 қазанында доцент Л.В. Волкова ZOOM платформасында ИЯ-18-01 тобында «Қазақстандағы білімге көзқарас» тақырыбында ашық онлайн сабақ өткізді. Студенттер аталған тақырып бойынша жобаларды басқа елдердің (Корея, Үндістан, Түркия) студенттерін, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушыларын, ағылшын тілінде сұхбат берген оқушылардың ата-аналарын тарта отырып қорғады. Студенттер зерттеу нәтижелерін шығару үшін бейнежазбаларды көрсетті, диаграммаларды, графиктерді қолданды. Қатысқан оқытушылар өткізілген сабақты жоғары бағалады.