«Сот орындаушыларының сот актілерін мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбына қонақ дәрісі

2022 жылдың 29 наурызында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері үшін бөлім басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің аға сот орындаушысы Азиз Ералиевич Лесбеков «Сот орындаушылары сот актілерін мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.

Дәріс барысында сот актілерін орындау тәртібіне қатысты мәселелер ашылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.