Студенттер Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында

2022 жылдың 16 наурызында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы г.ғ.м., С.М. Султанова «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттерімен (ШТ-19-01 және ШТ-19-02 академиялық топтары) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына барды. Мұражайға бару студенттерге терең әсер қалдырды. Әр зал өз уақытының қуатына ие, бұл экскурсияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.