«Студенттердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі» тақырыбына семинар

2022 жылдың 11 наурызында Еуразия гуманитарлық институтының психологиялық қызметі «Студенттердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырды.

Институттың барлық білім беру бағдарламаларының академиялық топтарының кураторлары қатысқан семинарда студенттерді әлеуметтік ортаға бейімдеу және оларды психологиялық қолдау мәселелері талқыланды.  Сондай-ақ оқу топтарында туындайтын әртүрлі мәселелерді шешу технологиялары талданды. Институт деканы Т.Н. Кемайкина қарастырылған технологияларды одан әрі жетілдіру және оларды кураторлар арасында тарату бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.