СТУДЕНТТЕРГЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

2022 жылдың 16 наурызындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында жаңа саяси реформалар бағдарламасын ұсынғаны белгілі. 22 сәуірде сол реформаларды іске асыру үшін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасы әзірленді. Ал 5 мамырда Президент конституциялық реформаны бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдау туралы шешім шығарып, референдум 5 маусымда өтетін болды.

Референдумға ұсынылып жатқан жобаның мазмұны жайлы түсіндіру жұмысын 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттеріне қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті, философия докторы (PhD) Аслан Есімханұлы Әлімбаев, п.ғ.м., аға оқытушы Сұңқарбек Батанұлы өткізді.