Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаты өтті

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, куратор Даулетханова Ж.Д. және аға оқытушы Садыкова М.А. Ф-20-01, Қ-21-01 топтарында  «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты студенттерге «сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту болды. Іс-шара барысында студенттерге сыбайлас жемқорлық туралы сұрақтар қойылып, студенттер белсене ат салысты.